ШҚО-да жаназаға барған ауыл тұрғындары үйлеріне қайта алмай қалған

ШҚО-да жаназаға барған ауыл тұрғындары үйлеріне қайта алмай қалған

ШҚО-да жаназаға барған ауыл тұрғындары үйлеріне қайта алмай қалған
ашық дереккөзі
Тарбағатай ауданында 25 адам тасыған өзеннің құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ауыл тұрғындары Тарбағатайдың Есім ауылына Қарғыба өзені арқылы ғана қатынайды. Жерлеу рәсіміне асыққан тұрғындар тасып жатқан өзеннен тіркемелі трактор арқылы өтпек болған. Бірақ, трактор су ортасында өшіп қалып, жолаушылар арғы жағаға жаяу шыққан. Ені 35 метр болатын өзеннің тереңдігі бір метрден астам болған. «Есім ауылында бірнеше шаңырақ қана тұрады. Ауылдан өзге елді мекендерге қатынайтын жол жоқ. Сондықтан, жерлеу рәсіміне келген тұрғындар ауылдарына қайту үшін төтенше жағдай қызметіне жүгінді. Біз келгенде бәрінің киімдері су болды, бойларын суық ала бастаған.Дер кезінде жетіп, барлығын қауіпсіз жерге жеткіздік» - дейді Тарбағатай ауданының №59 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Бақытбек Нұрғалиев. Өрт сөндірушілер жол талғамайтын арнайы техникамен 25 адамды Есім ауылынан 30 шақырымда жатқан елді мекенге жеткізген. Төтенше жағдай қызметкерлері бұл кезеңде тау өзендері ашуына мінетінін, сондықтан мейлінше сақ болу керектігін ескертеді.