13 Мамыр, 18:36 290 0 Денсаулық Назым Тойлыбаева

Тараздық дәрігерлер алғаш рет жасанды жүрек салу операциясын өткізді

Тараздық дәрігерлер алғаш рет жүректің сол жағын алмастыру операциясын жасады, деп хабарлайды 24.kz

Бұған медицина саласына енгізілген заманауи технология және шетелдік ғалымдармен тығыз жұмыс істеудің арқасында қол жетіп отыр. Мұндай хирургиялық емдік шаралары созылмалы жүрек жетіспеушілігі кезінде аса қажет. Бүгінде елімізде жүрекке донор тапшы. Мамандардың айтуынша, дәл осы операциялар науқасқа донор табылғанға дейін өмір сүруіне мүмкіндік береді. Қазір осы тақырыпта қалада халықаралық конференция өтіп жатыр. Оған елімізбен қатар Жапония, Түркия, Үндістан, Пәкістан мемлекеттерінің үздік деген кардиолог мамандары қатысуда. Айта кету керек, бүгінде өңірде 250-ге жуық адам кардиоесепте тұр.

Сейтхан Жошыбаев, ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы директоры: - Қолдау жасайды да сол 5 жылдың ішінде, 3 жылдың ішінде оған донор табылып қалса жүректі адамның жүрегіне алмастыруға болады. Бұл адамдар кәдімгідей жүріп, далаға шығып өзінше жүріп онша-мұнша жеңіл жұмыстарды, даже машина айдау, мотоцикл айдап жүргендері де бар. Бұл үлкен жетістік деп ойлаймыз. Әрине бұл алдыға озып кеттік, шығып кеттік демейміз. Әлі де алдыға қойған мақсат, істейтін істер көп.

Соңғы жаңалықтар