Ресейдің Омбы қаласында қазақ мәдениетінің күні өтеді

Ресейдің Омбы қаласында қазақ мәдениетінің күні өтеді

Ресейдің Омбы қаласында қазақ мәдениетінің күні өтеді
ашық дереккөзі
Ресейдің Омбы қаласында қазақ мәдениетінің күні өтеді, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайты. 13 мамырда өтетін шара «Той думан» 8-ші аймақтық мəдениет жəне спорт мерекесі деп аталады. Биыл іс-шара атақты қолбасшы, батыр, ақын Қожаберген жыраудың 355 жылдығына, қазақ сал-серілерінің рухани ұстазы, ақын, композитор Сегіз Серінің 200 жылдығы мен ұлы Абайдың талантты ізбасары, жаңа қазақ əдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, жазушы, публицист Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналады. Мереке Ресейдің байырғы мəдени орталығы - қазақ мəдениетінің «Мөлдір» сібір орталығы ұйымдастырады. «Той думан» Омбыдағы «Агро-Омск» оқу-көрме кешені аумағында ұйымдастырылады. Биылғы той-думанға 10 мыңға жуық қандас қатысады деп күтілуде.