10 Мамыр, 16:27 1727 0 Көлік Назым Тойлыбаева

Елімізде "тыйым салынған" көлік нөмірлерінің тізімі тарады

Автокөлік нөмірлерінде жаңа төрт әріптің пайда болуымен тыйым салынған комбинациялар тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды  Колеса.kz.

Жыл басында мемлекеттік нөмірдегі әріптер комбинациясында қосымша Q, G, J және I әріптерін қолдануға рұқсат берілген еді. Осының арқасында жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлер тізімі кеңейді, алайда тыйым салынған комбинациялар да артқан.

Желіде тыйым салынған әріптер комбинациясының тізімі бар ресми құжат тарады. Оған GEI, GEY, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, ISK, GOS, IIN, QYS, JUN, BOQ, SIK, SYK, QOR, QAS, QOI, JOI, JYN, HUI, XUI, HUY, HYI, XUY, XER, QUL, QAN, JUT, QYQ, TYQ, JMI, GAI, VOR, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, LOH, LOX, IOX, IOH, COX, KOX, IBU, EBU кірген.

 

Соңғы жаңалықтар