Жаңалықтар

Биыл жүзу маусымы басталғалы 15 адам суға кеткен

Биыл жүзу маусымы басталғалы 15 адам суға кеткен

Биыл өңірлерде жүзу маусымы басталмағанына қарамастан, 2018 жылдың 1 мамырында елдегі су айдындарында 18 адам, соның ішінде 8 бала суға ағып кетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

Құтқарушылар 35 адамды, соның ішінде 3 баланы құтқарып қалды. 2017 жылы осы кезеңде 13 адам, соның ішінде 5 бала суға батып кеткен. Адамдардың басым бөлігі су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан қаза тапты. Ал, балалардың көбі ересектердің қарауынсыз қалғандықтан (8 жағдай) суға ағып кеткен. Сондай-ақ, балық аулау кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуына байланысты 6 адам және қайықтың аударылуынан 1 адам мерт болған. Қазіргі таңда түрлі облыстарда балық аулауға кеткен 5 адам іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, Қазақстанда шомылуға, демалуға және балық аулауға қолданылатын 50 мыңнан астам су айдыны бар.