ОҚО-да экстремистік мәндегі материалдар таратқан 8 азамат ұсталды

ОҚО-да экстремистік мәндегі материалдар таратқан 8 азамат ұсталды

ОҚО-да экстремистік мәндегі материалдар таратқан 8 азамат ұсталды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысында экстремистік мәндегі материалдар таратқан 8 азамат ұсталды, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі. 10 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ОҚО ІІД ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, бірқатар облыс ауданында экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 8 азаматты ұстады.ҚР ҚК-нің «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.