10 Мамыр 2018, 11:21 571 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Теңге дизайны авторы Тимур Сүлейменов өмірден өтті

Тұңғыш теңге дизайнын жасаған авторлардың бірі, сәулетші Тимур Сүлейменов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазаны сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысының орынбасары Алмасхан Ахметжанов растады. Тимур Сүлейменовтің дерттен 10 мамырда таңғы уақытта дүниеден өткені анықталды.

Тимур Бимашұлы Сүлейменов Қазақстан Дизайнерлер одағының жетекшісі болған. Алматының қала құрылысы кеңесінің құрамына енген.

Тимур Бимашұлы Сүлейменов - 1943 жылы 14 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының Қарабұлақ ауылында туған. Ленинград құрылыс-инженерлік институтын (1965); В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1970) бітірген, сәулетші. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры. Халықаралық өнер академиясының академигі.

ҚР Көркемөнер академиясының құрметті академигі. Қазақстандық дизайн мектебінің негізін салушы.Алматы облысындағы "Черкасск қорғанысының батырларына" мемориалдық кешенінің;Түркістан қаласын қайта құру және тарихи-мәдени туристік орталыққа айналдыру жобасының авторы.

Шымкент және Жанатас қалаларын салудың бас жоспарларын әзірлеуге, Түркістан қаласының тарихи аймағын қалпына келтіруге, Қ.А. Яассауи кесенесі айналасындағы тарихи аймақты қайта құру жобасына қатысқан.

"ҚР республикалық стилі" кешенді мемлекеттік дизайн-бағдарламасының бастаушысы; ұлттық валюта дизайнын жасау, бейнелемені жобалау, Республикалық гвардияның салтанатты және күнделікті киім түрлерін жобалау, ҚР Қарулы Күштері дизайн-бағдарламаларын жасау, т.б. топтарының жетекшісі.

Астана қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдың және "Атамекен" этно-мемориалдық саябағының, Аңырақай шайқасындағы қазақ халқының жоңғарларды жеңуіне арналған монументтің тең авторы;Мәскеу қаласындағы Абайға ескерткіштің авторы және оны салған ұжымның жетекшісі.

Талдықорған орталығын, Ақтау қаласындағы бірқатар объектілерді қайта құруды басқарған. Алматы және Астана қалалары дизайн-бағдарламаларының жетекшісі. Астана және Алматы қалаларының орталықтарын дамыту жобаларының авторы. Бірқатар кітаптар дизайнының авторы.

1959 жылдан - әрқилы қарапайым жұмыстарды атқарған.

1965 жылдан - "Қазқалақұрылысжобалау" жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Калинин ауданының бас сәулетшісі.

1968 жылдан - "Алмаатагипрогор" институтында сәулетшілер тобының жетекшісі, "Қазқалақұрылысжобалау" институтының жобалар бойынша бас сәулетшісі.

1982 жылдан - Қазақстанның Көркемдік қорының бас суретшісі, қалалық ортаның дизайны шеберханасының жетекшісі.

1987 жылдан - "Қазақстан Дизайнерлер одағы" РҚБ-ның негізін салушы, президенті. "ДАРТ" шығармашылық-өндірістік кәсіпорнының директоры. ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты. "Бәйтерек" республикалық сыйлығының лауреаты. "Парасат" (2005) орденімен; "Астана" (1998), "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005), "Қазақстан Парламентіне 10 жыл" (2006) медальдарымен марапатталған. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. ҚР Құрметті сәулетшісі.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар