Көпқабатты үйден өрт шықты

Көпқабатты үйден өрт шықты

Көпқабатты үйден өрт шықты
ашық дереккөзі
Теміртауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде шыққан өрт салдарынан тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚР СІМ ТЖК баспасөз қызметі. Өрт 8 мамырда 21.51-де тоғыз қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы пәтерден шыққан. Өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыған. «Құтқарушылар 4 адамды құтқарып, 19 адамды эвакуациялады, соның ішінде төртеуі - балалар. 1985 жылғы азаматты күйік шалып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 22.21-де ауыздықтап, 22.34-те сөндірді. Оның алдын ала шығу себебі - темекі шегу кезінде абайсыздық таныту. Өртті Қарағанды облыстық өрт сөндіру қызметінің 19 өрт сөндірушісі мен 5 техникасы сөндірді.