Сирия бойынша Астана процесі жалғасады

Сирия бойынша Астана процесі жалғасады

Сирия бойынша Астана процесі жалғасады
ашық дереккөзі
ҚР Сыртқы істер министрлігі Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесі аясында кезекті кездесулердің датасын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан сыртқы істер министрлігі 2018 жылы 14-15 мамырда Қазақстан елордасында Астана процесі кепіл елдерінің Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 9-шы халықаралық кездесулерді өткізуді растағанын мәлім етті», - делінген хабарламада. Кепіл елдерден - Иран, Ресей және Түркиядан бөлек, кездесуге Сирия оппозициясының топтары мен үкіметінің делегациясы, сондай-ақ БҰҰ  және бақылаушы ретінде АҚШ пен Иорданияның шақырылғаны аталып өтілді. «Кепіл елдердің ақпаратына сәйкес,Астанадағы келіссөздер барысында тараптар Сириядағы қазіргі жағдайды, соның ішінде деэскалация аймақтарда гуманитарлық мәселелерді және сенімді нығайту шараларын талқылайды, сондай-ақ осы араб еліндегі дағдарысты реттеу процесін дамытуды үйлестіру мәселелерін қарауға ниетті», - деп хабарлады СІМ-де. 14 мамырда екіжақты және көпжақты консультациялар өткізу жоспарлануда, ал 15 мамырда пленарлық отырыс өтеді.