Бішкек мұғалімі фейсбуктегі пікірі үшін жеті жылға сотталуы мүмкін

Бішкек мұғалімі фейсбуктегі пікірі үшін жеті жылға сотталуы мүмкін

Бішкек мұғалімі фейсбуктегі пікірі үшін жеті жылға сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
Бішкек тұрғыны фейсбукте пікір қалдырғаны үшін жеті жылға сотталуы мүмкін. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәлімдеуінше, Темірбек Болотбек жазған пікір ұлт араздығын туғызады. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. Әуелі ұстазды жауап алуға шақырған, одан соң оған айып таққан. Заңгерлердің пікірінше, ер азаматқа бірнеше жылға сотталу қаупі туып тұр. "Өзімді шектеп отырмын. Бұрын ойлағанымды жасырмай айтатын болсам, қазір әр сөзімді бақылауға алуға тура келеді", – деді Болотбек үстіне қылмыстық іс қозғалған соң. Техника ғылымдарының докторы совет заманындағы Бішкек суреттерінің астына жазған сөздері үшін сотталуы мүмкін. "Сасық, артта қалған және ұсқынсыз совок! Архитектура? Бір типті мұндай құрылысты сәулет деп атаған адамның архитектурадан хабары жоқ", – деп жазған Болотбек. "Ақылға қонымсыз айыптау, менің сөздерімде ешқандай нәсіл, ұлт, халық, дін аталмайды. Үндеу жоқ. Бірақ шынымен соттауы мүмкін", - деді мұғалім. Бұл бап бойынша кезінде шартты жаза қарастырылған еді. Енді фейсбуктегі лайк үшін де отыруға болады. Заңгер Акмат Алагушев қырғыз ауылындағы шаруаның ісіне қатысты құжаттарды көрсетті, фейсбуктегі пікірлері үшін өткен жылы Ыстықкөл облысының тұрғынын төрт жылға отырғызған. Мұғалім ісіне қатысты соттың келесі отырысы 8 мамырда өтеді.