Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 26 жыл

Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 26 жыл

Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 26 жыл
ашық дереккөзі
Бүгін Қазақстанда Отан қорғаушы күні атап өтіледі. 26 жыл бұрын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық  құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл жарлық бойынша Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қарулы күштерді басқаруды президент өз мойнына алды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан "7 мамыр — Отан қорғаушылар күні" деп жарияланды. Ал 2012 жылы Елбасының бұйрығымен 7 мамыр қатардағы дата ретінде елеусіз қалмай, мемлекеттік мәртебеге ие болды. Дәстүр бойынша мейрам қарсаңында президент әскери атақтар мен жоғары шендер беру туралы жарлық шығарып, ерен еңбегімен ерекшеленген үздіктерді марапаттады. Биыл Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіске арналған әскери шеру Жамбыл облысындағы "Отар" әскери базасында өтеді.