Астанада автоспорт маусымы ашылды
Астанада автоспорт маусымы ашылды
Темір тұлпарын тізгіндеген, жылдамдықты жаны қалайтын жастар елордадағы саябақ алаңына жиналып, жазғы жарыстардың күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды 24.kz
Автошабандоздар құстай ұшатын көліктерін тексеріп, аламанға дайындықтарын пысықтады. Биылғы автоспорт маусымына елорда бойынша 80 көлік тіркелді. Бүгін олардың қатарына Қарағанды, Павлодар және Ақмола облысынан да автоәуесқойлар келіп қосылды. Маусымашар іс-шара Астана қаласының 20 жылдығына арналды.
Жалпы автомото спортын жаны сүйетін жанкүйерлер үшін биыл елордада жарыс көп. Атап айтқанда, мотокросс, автослалом, дрифт және дрэгрейсинг түрлерінен сайыстар күтіп тұр. Сонымен қатар мотокростан Астана қаласының төрт кезеңі өтеді.
Нұрпейіс Қонысбаев, автомотоспорттан мемлекеттік жаттықтырушы: - Бұл іс-шараның басты мақсаты – спортшылардың басын қосып, жоспарларымызды талқылап, жоспарымызды жүзеге асыру. Федерацияның сайтында ресми 80-ге жуық автокөлік тіркелді. Арасында тең жартысы әкесқойлар деп айтуға болады. Осы біздің іс-шараға белсенділік танытып жатқан спортшыларымыз жетерлік.