Шығыс Қазақстанда ефрейтор өзіне тіл тигізген сарбазды ұрып-соққан

Шығыс Қазақстанда ефрейтор өзіне тіл тигізген сарбазды ұрып-соққан

Шығыс Қазақстанда ефрейтор өзіне тіл тигізген сарбазды ұрып-соққан
ашық дереккөзі
Сот өзіне тіл тигізген сарбазды ұрып-соққан ефрейторға қатысты үкім шығарды. Үкімде жазылғандай, Шығыс Қазақстанда ҰҚК Шекара қызметі 2535 әскери бөлімінің ефрейторы түкке-тұрғысыз жайтты сылтауратып, жәбірленушінің үш-төрт рет бетінен жұдырықпен ұрған. "Ол әскери қызметкерлер арасындағы арақатынастың жарлыққа сай ережелерін бұзды. Жәбірленуші орташа деңгейде жарақат алған", — делінген хабарламада. Іс Өскемен гарнизонындағы әскери сотта қаралды. Сотталушы айыбын мойындап, өкінетінін жеткізген. Сот ефрейторды айыпты деп танып, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.