Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі ертең "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан көрсетіледі

Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі ертең «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі. Бұл туралы «Қазақстан» ТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Генадий Головкиннің жекпе-жегін трансляциялау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді! Біздің жанкүйерлер ертең, 6 мамыр күні, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан Головкиннің жекпе-жегін көре алады. Жекпе-жектің басталуы сағат 07:00-де. Ал, жекпе-жектің алдында сағат 06:30-да студияға Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев келіп, комментаторлармен бірге алдыңғы жекпе-жек туралы ойларымен бөлісіп және алдағы жекпе-жекке байланысты болжам жасайды. Ал, трансляциядан кейін, Головкиннің жекпе-жегі туралы сараптамалық бағдарлама шығады», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Головкин — Мартиросян жекпе-жегі жексенбі күні Астана уақытымен сағат 09:00-де басталады.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button