Қазақстан әскерді дамытуға 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсаған

5 мамыр, 2018 / Назым Тойлыбаева
ашық дереккөзі
Қазақстан әскерді дамытуға 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсаған Қазақстан қорғаныс қабілетінің шығындарын 20%-ға арттырды: осы жылдың екі айында әскерді дамытуға 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды, деп хабарлады Finprom агенттігі. Қаңтар-ақпанда мемлекеттік бюджеттен қарастырылған жалпы шығын 1,9 триллион теңгеге жетті. "Оның ішінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанында қорғанысқа 78,9 миллиард теңге бөлінді, бір жыл бұрын 65,9 миллиард теңге жұмсалған болатын (өсім — 19,8%)", — деп жазылған хабарламада. 2017 жылы жергілікті бюджеттер қорғанысқа 30 миллиард теңгеге тарта қаржы бөлген. Бұл салаға ең көп қаржыны Қазақстанның үш өңірі құйды: Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары.