Қазақстан әскерді дамытуға 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсаған

Қазақстан әскерді дамытуға 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсаған

Қазақстан әскерді дамытуға 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсаған
ашық дереккөзі
Қазақстан қорғаныс қабілетінің шығындарын 20%-ға арттырды: осы жылдың екі айында әскерді дамытуға 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды, деп хабарлады Finprom агенттігі. Қаңтар-ақпанда мемлекеттік бюджеттен қарастырылған жалпы шығын 1,9 триллион теңгеге жетті. "Оның ішінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанында қорғанысқа 78,9 миллиард теңге бөлінді, бір жыл бұрын 65,9 миллиард теңге жұмсалған болатын (өсім — 19,8%)", — деп жазылған хабарламада. 2017 жылы жергілікті бюджеттер қорғанысқа 30 миллиард теңгеге тарта қаржы бөлген. Бұл салаға ең көп қаржыны Қазақстанның үш өңірі құйды: Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
  • Алматы — 5,3 миллиард теңге;
  • Алматы облысы – 4,1 миллиард теңге;
  • Оңтүстік Қазақстан облысы — 3,4 миллиард теңге.