Ауыл 27 млн гектар жайылымға мұқтаж

Ауыл 27 млн гектар жайылымға мұқтаж

Ауыл 27 млн гектар жайылымға мұқтаж
ашық дереккөзі
Өткен аптада ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Сенатта жерге қатысты жаңа заң жобасын таныстырып, құжаттың негізгі нормаларын атап өтті. Оның сөзінше, заң жобасы ауылшаруашылық жерлерін қазақстандықтарға жалға беру нормаларын сақтауға және жетілдіруге, жалға берілетін ауылшаруашылық жерлерінің барынша көп мөлшерін белгілеуге және шекаралас аудандарда жерді жалға беру талаптарын күшейтуге бағытталған. «Қазақстандықтарға ұсынылған ауылшаруашылығы алқаптарының лизингтік мекемесін сақтай отырып, заң жобасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурстық негізде берудің жеке тәртібін белгілеу қарастырылған. Тендерлердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия құрамына қоғамдық кеңес пен ұйым өкілдерін қосу көзделуде. Жаңа тәртіпте БАҚ-тарда және әкімдіктер мен АШМ-ның ресми сайтында тендер жайында жарияланатын ақпараттарды бақылау қарастырылатын болады», –  деп мәлімдеді Өмірзақ Шөкеев. Министр ұсынылған ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануды бақылауды күшейту үшін тұрақты мониторинг жүргізілетінін атап өтті. Алғашқы бес жылда жыл сайын өтсе, кейіннен үш жылда бір өтетін болады. Осылайша, мемлекет жекеменшікке өтіп кеткен жер телімін қайтарып алмақшы. Бұл жер жайылымға өріс таппай отырған ауыл жұртының ортақ меншігіне беріледі. «Осы мақсатта айқындалған жайылымдарды жалға беруге тыйым салынатын болады. Сонымен қатар бүгінгі күні елді мекендердің маңындағы жайылымдардың көбі жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткен. Бұл жерлерді қайтару мемлекеттік мұқтажға жатқызу заң жобасымен белгіленіп отыр» деген министр ауыл халқы жеке малын жаятын жайылым жердің тапшылығын заң нормасы аясында шешу керектігін жеткізді. Қазіргі кезде аймақтардағы жергілікті әкімдіктер қажетті жер көлемін есептеп шығарды. Ауыл жұрты бүгінде жайылым үшін 27 миллион гектарға мұқтаж. Сондықтан министрлік кәсіпкерлерге беріліп кеткен алқап-алқап жер аумақтарын мемлекет меншігіне қайтарып алу үшін 180 миллиард теңге жұмсамақ.