Таразда қалалық сот судьясы парамен ұсталды

Таразда қалалық сот судьясы парамен ұсталды

Таразда қалалық сот судьясы парамен ұсталды
ашық дереккөзі
Таразда қалалық сот судьясының қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысындағы департаменті ҚР Жоғарғы сот ішкі қауіпсіздік және соттарда жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп Тараз қалалық сотының судьясын 650 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұстады. "Судья параны жеке тұлғадан мүлікті бөлу туралы азаматтық іске қатысты орындау қағазын беру үшін сұраған. Күдікті кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ", — делінген хабарламада. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.