СҚО-да басқарма басшысы 300 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды

СҚО-да басқарма басшысы 300 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды

СҚО-да басқарма басшысы 300 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасының басшысы пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлағандай, шенеунік 25 сәуірде пара алып жатқан жерінде ұсталды. Ол 300 мың теңге параны тексеріс бойынша оң қорытынды беру үшін заңды тұлғаның өкілінен алған. 27 сәуірде сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.