Өзбек кәсіпкері АҚШ санкцияларын жоюға күш салады
3 мамыр, 2018 /
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
Өзбек кәсіпкері АҚШ санкцияларын жоюға күш салады
Өзбекстандағы танымал кәсіпкер, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) президенті қызметін атқарушы Гафур Рахимов өзінің Вашингон мен Лондондағы адвокаттарына АҚШ-тың қаржы мекемесінің (OFAC) «қара тізімінен» өз есімін алып тастау үшін петиция өткізуді тапсырды.
Бұл туралы Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған. Рахимов апелляция түсіруді америкалық Ferrari & Associates адвокаттық фирмаға, сонымен бірге лондондық Carter-Ruck заң кеңсесіне сеніп тапсырған.
2012 жылы АҚШ-тың қаржы министрлігі Рахимовқа санкция салып, оны «өзбектің ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілерінің бірі» деп атаған.
Кәсіпкер Өзбекстаннан 2010 жылы кетті, қазір Дубайда тұрады.
Еске салайық, өткен жылы 21 желтоқсанда АҚШ-тың қаржы министрлігі «Магнитский заңы» аясында 13 адамға және 39 ұйымға санкция жариялады. «Қара тізімде» Рахимов та бар.