Жаңалықтар

Елбасы Астанадағы жаңа мешітке барды

ашық дереккөзі

Елбасы Астанадағы жаңа мешітке барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша мұсылман қауым үшін қасиетті Рамазан айы қарсаңында елордадағы «Сарыарқа» ауданында орналасқан жаңа мешітке барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Президентіне мешіттің салыну барысы, сондай-ақ осы ғимаратты электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері жөнінде мәлімделді. Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан мешіттің құрылысы 2016 жылы басталды. Жаңа мешіт қайырымдылық мақсатпен жиналған қаражат есебінен тұрғызылды. Мешіт ғимараты дәстүрлі өрнектер мен декоративті элементтер қолданыла отырып, постмодернизм стилінде салынған. Негізгі ғимарат күрделі әрі жартылай сфералық нысанды елестетеді. Оның қабырғалары үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан. Мешіттің сыртқы дизайны гүлді әрі алмастың қырларын еске салады. Мешіттің басты ғимаратының солтүстік жағында орналасқан мұнараның биіктігі - 43,5 метр. Ол «қалам» - «қасиетті қауырсын» түрінде бой көтерген. Жаңа мешітті энергия қуатымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері қажетті мөлшерден үш есе көп электр қуатын өндіреді. Жаңа мешіт 750 адамға лайықталған. Мешіт ғимаратының ауданы - 2 248 шаршы метр. Орналасқан жердің ауданы - 1,44 га.