Қытайда жылына 3,5 млн адам обыр дертіне шалдығады

Қытайда жылына 3,5 млн адам обыр дертіне шалдығады

Қытайда жылына 3,5 млн адам обыр дертіне шалдығады
ашық дереккөзі
Қытайда жылына 3,5 млн адам обыр дертіне шалдығады. Қытай обыр дертіне, алкалоидар негізіндегі қатерлі ісікке қарсы импорттық дәрі-дәрмектерді тасымалдаушыларды баж салығынан босатты, деп хабарлайды Синьхуа. Сонымен бірге, дәрілік құралдарды өндірушілер мен импорттаушыларға салынатын құн салығының мөлшері азайтылды. Қытайдың мемлекеттік обыр институтының хабарламасына қарағанда, елдегі қатерлі ісікке қарсы құралдардың нарығы 120 млрд юанды (шамамен 19,1 млрд АҚШ доллары) құрайды. Институттың статистикасына сәйкес, Қытайда жылына 3,5 млн адамға обыр диагнозы қойлады. Өкпе, кеуде және асқазандағы қатерлі ісік ең көп таралған обыр түрі болып есептеледі.