Алматы мен Рига арасында маусымдық рейс ашылды

Алматы мен Рига арасында маусымдық рейс ашылды

Алматы мен Рига арасында маусымдық  рейс ашылды
ашық дереккөзі
Латвияның мемлекеттік AirBaltic әуе компаниясы Алматы мен Рига арасында маусымдық рейс ашты. Компанияның хабарлауынша, Алматы - Рига маршруты 29 сәуірден ұша бастаған. Алматы әуежайының ақпараты бойынша, AirBaltic ұшағы бүгін таңертең Алматы әуежайына қонып, сағат 8:50-де кері ұшып кетті.Bombardier CS300 ұшағы Алматы мен Рига арасында аптасына үш рет ұшады. Ұшу ұзақтығы - шамамен бес сағат 45 минут. Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, билет құны бір бағытқа 159 еуродан (шамамен 190 доллар) басталады.