Жаңалықтар

Былтыр Қазақстанға 7,7 млн турист келген

ашық дереккөзі

Былтыр Қазақстанға 7,7 млн турист келген

  Қазақстанның шипажайларына келушілер саны 2016 жылдың І тоқсанында 1,5 есеге көбейген. Әсіресе Алтай Альпісі, Шортанды-Бурабай, Зеренді, Алматы шипажайларына келетіндар 1,5-4,5 есеге өскен.  2016 жылдың қысында Қазақстандағы курорттарға 96 мың турист  келген. Алтай және Бубарабай сынды жерге келгендер саны — 58 мың. Қазақстанның курортты аймақтары 8 облыста бар және бір мезгілде 40 мың туристті қабылдай алады. Курорттардың саяхттаушыларды қабылдау потенциалы соңғы он жылда орта есеппен жылына 15%-ға өскен. Ең көп пайданы Ақмола (Зерендідегі өсім — 14%), Алматы (+47%) және Шығыс Қазақстан облыстары  (Алтай Альпісі +14%) алып келген. Өткен жылы курорттардың кірісі 7,7 млрд теңгені құрады. Келесі жылдан бастап туристердің саны тағы көбейеді деп күтілуде. Оңтүстіктегі макроаймақтар Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін Универсиадаға байланысты 30 мыңға жуық шетелдік туристті қабылдайтын болады. Ал еліміздің солтүстік және орталық-шығыс аймағы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне келетін 300 мыңға жуық қонақты қабылдайды. Келесі жылдың маусым айының соңында туроператорлар 73 туристік маршрут ұсынуға дайын. Қазақстанның статистика жөніндегі комитеті 2017 жылы елге келген және шетелге сапарлаған туристер санын жариялады. Қазақстандық туристер үшін ең көп баратын ел Ресей, былтыр 4,6 млн адам барған екен. Екінші орында Қырғызстан - 2,7 млн, үшінші орында Өзбекстан – 1,7 млн қазақстандық сапарлаған. 2017 жылы Қазақстанға 7,7 млн турист келген. Оның ішінде Өзбекстаннан 3,3 млн турист, Ресейден – 1,7 млн, Қырғызстаннан – 1,2 млн адам келген.