Астанада зиянды бактериялары бар балмұздақ сатылуда
Астанада зиянды бактериялары бар балмұздақ сатылуда
Астанадағы сауда нүктелерінде сатылатын ТМ «Bаmbino» балмұздағының микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмейтіні анықталды. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2018 жылдың 7-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдерді тексеру барысында балмұздақтың екі түрінен 0,01 г ішек таяқшалары (нормадан жоғары) тобының бактериялары табылды. Шығарылған күні де жазылмаған», - деп хабарлады ведомстводан.
Бұл өнім Сарыарқа ауданы, Тайбұрыл көшесі, 7 мекенжайында орналасқан "Продукты" дүкенінде түгелдей сатылып кеткен. Микроорганизмдер Пушкин көшесі, 73 мекен жайында орналасқан өндіріс цехында да табылған. Сонымен қатар онда бірқатар санитарлық-гигиеналық талаптардың өрескел бұзылу фактілері тіркелді. Осыған байланысты балмұздақ өндіруші «Баннұр НС» ЖШС-ға әкімшілік шаралар қолданылып, талаптарды сақтау бойынша мерзім берілді. Аталған мерзім ішіндегі талаптардың орындалуы департамент бақылауына алынды.
«Банур НС» ЖШС дайын өнімдері «Аружан», «Керуен», «Керуен Сити», «Азия-парк», «Хан шатыр», «Сарыарқа», «Мега SW» және басқа жерлердегі сауда нүктелерінде сатылады.