Жаңалықтар

Ақмола облысының ЕАЭО-мен сауда айналымы жақсара түсті

ашық дереккөзі

Ақмола облысының ЕАЭО-мен сауда айналымы жақсара түсті

Ақмола облысы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы өзара сауда айналымы 163,6 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл биылғы жылдың алғашқы бес айындағы көрсеткіш.

Ақмола облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы 163,6 миллион АҚШ долларының 54,7 миллионы, яғни 33,4 пайызы экспортқа, ал 108,9 миллионы, яғни, 66,6 пайызы импортқа тиесілі. Аталған бес ай уақыттың ішінде Ақмола облысы Ресей Федерациясына 53,8 миллион АҚШ долларының тауарын экспорттаса, импорттың үлесі 104,6 миллион АҚШ долларға тең. Сондай-ақ, Беларусь Республикасына жөнелтілген тауардың құны 0,9 миллион АҚШ доллар, ал импорт құны 4,3 миллион АҚШ долларын құрап отыр.