Ағзаға ең қауіпті 12 жеміс пен көкөністі білесіз бе?

Ағзаға ең қауіпті 12 жеміс пен көкөністі білесіз бе?

Ағзаға ең қауіпті 12 жеміс пен көкөністі білесіз бе?
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Ауыл шаруашылық министрлігі  эксперт-экологтардың баяндамасын жұртқа жария етті. Баяндамада құрамында пестициді көп жемістер мен көкөністер туралы айтылған. Ал пестицидтің көп болуы өз кезегінде рак, бедеулік, семіздік сынды ауруларға әкеліп соқтырады. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды. 
Адам ағзасына қауіпті жемістер мен көкөністер тізіміне құлпынай, саумалдық (шпинат), нектарин, алма, жүзім, шабдалы, шие, алмұрт, қызанақ, картоп, тәтті бұрыш және балдыркөк (сельдерей) кірді. Құлпынайдың ең улы жеміс түрі екені анықталды. Бұл жидектің бір партиясынан 20 пестицид табылған. Саумалдықтың құрамында өзінің салмағынан көп пестицид болатыны белгілі болды. Ал шабдалы, шие, алма сынды жемістердің 98 процентінде бір пестицид бары анықталды. Пестицидтер дегеніміз – зиянкестерден арылуға арналған химиялық заттар. Олар АҚШ-та 1990 жылдан бастап қолданылып келеді. Мамандардың айтуынша, жуса да, жемістердің құрамында қалып қояды.