Жаңалықтар

WBC Головкин - Чарло жекпе-жегі өтетін уақытты айтты

ашық дереккөзі

WBC Головкин - Чарло жекпе-жегі өтетін уақытты айтты

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Голвкиннің (37-0-1, 33 КО) болуы мүмкін жекпе-жектері туралы тоқсан аралық есебін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. WBC 5 мамырда өтетін Головкина-Альварес жекпе-жегін тоқтатып тастаған соң АҚШбоксшысы Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) өз кезегінде WBC-тің «уақытша» белбеуін ұтып алып, Головкиннің міндетті қарсыласына айналып шыға келді. «Головкин 5 мамыр күні Ванес Мартиросянмен қолғап түйістіреді. Егер WBC 15 қыркүйектегі Головкин-Альварес жекпе жегі туралы  шешімді қолдаса, Чарлоға 2019 жылдың наурыз немесе сәуіріне  дейін күте тұруға тура келеді», -деп хабарлады WBC.