Астанада жолаушылар автобусы өртенді

Астанада жолаушылар автобусы өртенді

Астанада жолаушылар автобусы өртенді
ашық дереккөзі

Бүгін Астана қаласында жолаушыларға арналған №109 шағын автобус өртке оранды. Бұл туралы Astinfo.kz сайты хабарлады. 

Сайттың хабарлауынша, шағын автобустың өртенгені жөніндегі хабар Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметіне таңғы сағат 9.28-де түскен. Ақпаратты қабылдаған соң, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бірден оқиға орнына жеткен. Автобуста өрт басталған сәтте жолаушылар өздеріқоғамдық көліктен түсіп кетіпті. Жолаушылар тасымалдайтын шағын автобустан шыққан өртті сөндіруге 2 арнайы техника мен 9 адам жұмылдырылды. Бұл оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Адам шығыны жоқ. Ал қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтау үстінде.