55 мың теңге пара алған шенеунікке 3,3 млн теңге айыппұл салынды

55 мың теңге пара алған шенеунікке 3,3 млн теңге айыппұл салынды

55 мың теңге пара алған шенеунікке 3,3 млн теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
 55 мың теңге пара алған Петропавл қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшысы Ержан Қасентаев 3,3 миллион теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті тергеу басқармасының басшысы Асылбек Ідрісов. хабарлады. 
"Петропавл қалалық сотының үкімімен Қасентаевқа алған пара сомасынан 60 есе көп айыппұл салынып, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды", — деп мәлімет берді басқарма басшысы. Оның айтуынша, Қасентаев биыл наурыз айында жергілікті тұрғыннан қызыл желінің ар жағынан үй салуға рұқсат бергені үшін 55 мың теңге пара алу үстінде ұсталған.