Құлаққап киіп, теміржолдан өтпек болған оқушы пойыз астына түсті

Құлаққап киіп, теміржолдан өтпек болған оқушы пойыз астына түсті

Құлаққап киіп, теміржолдан өтпек болған оқушы пойыз астына түсті
ашық дереккөзі
Беларусь елінің Добрушский ауданында құлаққап киіп, теміржолды кесіп өтпек болған оқушыны  пойыз басып кетті. Бұл туралы БЕЛТА хабарлады.  Гомель  облыстық атқару комитеті ІІБ ресми өкілі Виталий Пристромовтың айтуынша, қайғылы оқиға 25 сәуірде 8.00-де Носовичи станциясынан 30 метр қашықтықта болған. «Темір жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелеттік жасқа толмаған 2002 жылы туған баланы жүк пойызы қағып кетті. Ауыр жарақаттанған бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жасөспірім - Добрушский ауданының тұрғыны»,-деді Виталий Пристромов.