Помпео АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды

Помпео АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды

Помпео АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды
ашық дереккөзі
АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметіне Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры (ЦРУ) Майк Помпео тағайындалды. 
Рекс Тиллерсонның отставкасынан кейін, Помпео америкалық бас дипломат қызметіне ұсынылған еді. Бірақ Помпео кандидатурасы демократтар сынына ұшыраған. Себебі ол АҚШ президенті Дональд Трамппен өте жақын қарым-қатынаста деп біледі. Олардың дені бас дипломат қызметіне еркін ойлы, тәуелсіз адам болуы керек деп мәлімдеген. Трамптың өзі Помпеоны қызметке тағайындауда уақытты тым созып жіберді деп, демократтарды айыптаған. Помпео болса, Ресейге қатысты жұмсақ саясаттан бас тартып, Мәскеуге қарсы санкцияны кеңейту керек деген ұстанымда. Атап айтқанда, ол Ресей президенті Владимир Путин өзінің еліне алып держава мәртебесін қайтарғысы келеді деп есептейді. Майк Помпео Ресейдің АҚШ сайлауына араласуы - демократиясы дамымаған елдерге авторитарлық басқару моделін насихаттағысы келгені деп атап өткен.