Жаңалықтар

Алдағы айларда доллар бағамы қалай құбылады?

ашық дереккөзі

Алдағы айларда доллар бағамы қалай құбылады?

Алдағы айларда доллардың құны қалай өзгереді? Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, АҚШ валютасы  328 теңгеден 338 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл туралы КТК хабарлады. «Жақын болашақта техникалық және негізінен күтілетін ауытқулардың ауқымы бір доллар үшін 328-338 теңгені құрайды. Біз күрт дүрбелеңді күтпейміз. Сыртқы әсерлерге қарамастан тұрақтылық басым болып тұр»,- дейді TeleTrade компаниясының қаржы кеңесшісі Мария Сальникова. Келесі үш айда курсқа маусымдық факторлар әсер етеді. Мамыр мерекелері және демалыс күндері АҚШ доллары 315 теңгеге дейін төмендеу мүмкін. Және бұл теңгенің ең жоғарғы көрсеткіші болады. Ал ең төменгі көрсеткіш 344 теңге. Қазақстандық теңге АҚШ  жаңалықтарында осы көрсеткішке дейін құлдырайды. Көп ұзамай АҚШ америкалық банктер несиеге артық резервтерін беретін пайыздық мөлшерлемені жариялайды. Сондай-ақ доллар көрсеткіші АҚШ, Солтүстік Корея мен Қытай арасында болатын кездесуге де байланысты. Қазір жағдай тұрақты. Талдаушылар зиянды азайту үшін қаражатты түрлі валютада – теңгеде, долларда және еурода сақтауға кеңес береді. Бірақ сарапшылар крипто валютаны қолдамайды. «2018 жылдың қаңтар айынан бастап крипто валютаны капиталдандыру нарығы 50% жоғалтты. Сәуір айында қалпына келтіру шамамен 4-5% құрады. Яғни, баяу. Бірақ бұл 2017 жылғы көрсеткіш секілді емес. Халықтың криптологияға деген қызығушылығы бір жыл бұрын болған. Қазір крипто-валютаның артында не тұрғанын түсінбей, дұрыс инвестиция жасамай, ақша жоғалту қауіптірек болып тұр»,-деп түсіндірді дейді TeleTrade компаниясының қаржы кеңесшісі Мария Сальникова.