Елордада жарнама мәтіндеріндегі 1,5 мың қате түзетілді

Елордада жарнама мәтіндеріндегі 1,5 мың қате түзетілді

Елордада жарнама мәтіндеріндегі 1,5 мың қате түзетілді
ашық дереккөзі
Өткен жылы сыртқы жарнама мен визуалдық ақпарат бойынша 2,5 мыңнан астам эскиздік жарнама жобаларына сараптама жүргізілді, деп жазады «Вечерняя Астана» газеті. Басылымның жазуынша, жарнама мәтіндеріндегі 1510 қате түзетілген. «Елордадағы «Сарыарқа» ауданында рұқсат етілмеген жарнамамен күрес басталды», - деді аудан әкімі Арман Тұрлыбек. Рейдке қатысушылар көптеген бұзушылықтарды анықтады. Шағын және орта бизнестің көптеген нысандары сыртқы безендіру кезінде қарапайым талаптарды сақтамайды. Заңнамаға сәйкес, елді мекендерде визуалдық жарнама тек қана жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ілінеді. Соңғы тексеру нәтижесі бойынша мақұлданбаған жүздеген сыртқы жарнама анықталды. Бұдан бөлек, оларда қателер көп. Мысалы, Өндіріс тұрғын үй алабындағы сыртқы жарнамалардан  50 шақты мәтін қатесі табылған.