Жаңалықтар

Ракқа қарсы препарат табылды

ашық дереккөзі

Ракқа қарсы препарат табылды

Жапонияның RIKEN физика-химиялық зерттеу институтының ғалымдары А витаминінің негізінде жасалған химиялық қоспа гепатоцеллюлярлы карциноманың қайталануын тоқтатады деген қорытынды шығарды. Аталған ауру – көбіне емделуге келмейтін бауыр рагының көп тараған және өте індетті түрі. Бұл туралы MedicalXpressбасылымы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. Мамандар ацикликалық ретиноид бауыр клеткаларында ісік және басқа жаман ауруларды қоздыратын MYCN генінің экспрессиясын азайтатынын анықтады. Зерттеу қорытындыларына қарағанда рак клеткаларында MYCN белсенділігін басу басқа клеткалардың бөліну жылдамдығын бәсеңдетіп, қатерлі тіннің өсуін тежеп, өліп жатқан клеткалардың санын көбейтеді. Ғалымдар хирургиялық операциядан кейін ацикликалық ретиноидтың көп дозасын (тәулігіне 600 миллиграмм) ішіп жүрген ракпен ауыратын пациенттердің бауыр тінінен биопсия алды. Сонда препарат MYCN синтезінен басқа эпителиалды жасушылардың адгезия молекуласы күш алатын (EpCAM) бауырдың бағаналық жасушыларының санын азайтқан. EpCAM канцерогенез бен метастаздың пайда болуында маңызды рөл ойнайды. Енді зерттеушілер ацикликалық ретиноидтың пайдасын дәлелдеу үшін препаратты ауырып жатқан адамдарды емдеу үшін клиникада пайдаланып жатыр.