Жаңалықтар

Қадыров басшы қызметінен кетуге дайын екенін айтты

ашық дереккөзі

Қадыров басшы қызметінен кетуге дайын екенін айтты

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров «Россия 24» телеарнасының эфирінде қажет болса республика басшысы қызметін қойып, жауынгер ретінде отанын қорғауға даяр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Осыған дейін, сол сұхбатта Қадыров Сириядағы жағдайды Ресейге көрсетілген қысым деп атады. Ол «жағдай осылай өрбитін болса, Ресей күш қолдануға мәжбүр болатынын» болжаған еді. «Мен саясатқа жауынгер ретінде келдім. Менің жақсы көретін ісім - соғыса отырып, халқым мен мемлекетімді қорғау. Сол себепті біз кез келген қиын мәселені орындауға дайынбыз. Жоғарғы қолбасшы қалай айтса, солай болады. Біздің жігіттер дайын. Менің ойымша, біздер, генералдар, қызметті қойып... алға жүріп, мемлекетімізді қорғауға дайын болуымыз керек», - деді Қадыров.