Фейсбуктағы жазбасы үшін Астана тұрғыны 2 жылға сотталды

Фейсбуктағы жазбасы үшін Астана тұрғыны 2 жылға сотталды

Фейсбуктағы жазбасы үшін Астана тұрғыны 2 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Елімізде әлеуметтік желідегі жазбалар, пікірлер үшін жауапкершілік әлі де төмен. Салдарынан құқыққорғау органдары қатаң шараларға баруға мәжбүр. Мәселен, Facebook-те шетелдік жұмысшыларға озбырлық жасауға шақырып, жазба қалдырған елордалық азамат сотталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында Есіл аудандық №2 соты төрағасының міндетін атқарушы Қанат Тобағалиұлы хабарлады.  Есте болса, өткен жылдың күзінде елордада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» кешені аумағында күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар  арасында жанжал туындаған болатын. Сол кезде елордалық азамат әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарды шетелдік жұмысшыларға  қарсы озбырлық жасауға шақырған жазба қалдырған еді. «Астаналық ҚР Қылмыстық кодексінің «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» 174-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол бейбіт уақытта Facebook-тағы жазбасы арқылы қалалықтарды аталған шетелдік тұлғалармен есеп айырысуға және тәртіпті бұзуға шақырды», - деді Қанат Тобағалиұлы. Аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығына айыру жазасы белгіленген. Дегенмен, істі аппеляциялық сатыда қарау барысында жаза берзімі 1 жылға дейін төмендетілген.