Рұқсат етілмеген жерде темекі шеккен әйел қамауға алынды

Рұқсат етілмеген орында темекі шеккен астаналық әйел 2 күнге қамауға алынды. Бұл туралы ІІД Жергілікті полиция қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың басынан бері Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметкерлерімен құқықбұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын орындау аясында яғни ұсақ бұзақылық, темекі шегу, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, қоқыстарды тастау бойынша 17460-тан астам ұсақ құқықбұзушылықтар анықталды.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторымен учаскелік аймаққа тексеріс жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі анықталды. 1975 жылы туған С есімді азаматша Манас көшесінің бойында темекінің қалдығын жерге тастап, көпшілік пайдаланатын орынды ластау арқылы төңірегіндегілерге сыйламаушылық танытты. Бір жылдың ішінде көпшілік пайдаланатын орынды ластап, әкімшілік құқық бұзушылықты қайталағаны үшін С. есімді азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 2 тармағы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен С есімді азаматша екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қойылып, алкогольді сусындарды қабылдауға үш ай мерзімге тыйым салынды.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі азаматтарды құқық бұзушылыққа бейжай қарамауға шақырады. Құқық бұзушылық жайлы ақпаратты 102 телефон нөміріне немесе жақын учаске пунктіне хабарлауларын сұрайды.

Back to top button