Елімізде әйелдердің футбол клубтары көбеймек

Қазақстан футбол федерациясының Бас xатшысы Азамат Айтxожин ұйымның «Алға, футбол! Алға, Qazaqstan!» атты жаңа стратегиясын  таныстырды. Аталған құжатта әйелдер клубтарының санын арттыру міндеті белгіленіп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат,

«Бізге әйелдер футболын ұмытпау қажет. Қазақстанда ерлер клубтарының саны 23 болса, әйелдер кіретін командалар небәрі 5 клубты құрайды. Осы орайда біраз сын-ескетпелер айтылды. Біздіңше, жаңа стратегияны іске асыру жоспарында әйелер чемпионатына қатысатын клубтардың санын арттыру міндетін енгізген жөн. Сонда Қазақстанның әйелдер құрамасына ойыншыларды көптеп іріктеуге болады. Әрине, әйелдер футболы үшін барлық жағдайды жасау қажет. Кәсіби мамандарды шақыруымыз қажет», – деді

А.Айтxожин бүгін Қазақстан футбол федерациясының XVII конференциясында. Оның айтуынша, биыл әуесқой футболшыларды паспортизациялау шаралары басталды. Қазірдің өзінде 200 мың адам тіркелді. Айта кетейік, «Алға, футбол! Алға, Qazaqstan!» атты жаңа стратегияда батыл бір мақсат бар. Ол – футболдың қазақстандық стилін қалыптастыру. «Соның арқасында Қазақстанның футболы барша әлемге танылады деген жоспар бар. Әрине, оған барлығымыз күш салуымыз қажет», – дейді А.Айтxожин.

 

Back to top button