"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека қашан беріледі?

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека қашан беріледі?

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека қашан беріледі?
ашық дереккөзі
Елімізде "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека екінші жартыжылдықтан бастап беріле бастайды. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. 
"Ұлттық банк бір-екі ай ішінде "7-20-25" бағдарламасын бекітеді. Екінші жартыжылдықтан бастап ипотека бере бастайды", — деді министр. Қасымбек "Нұрлы жер" мен "7-20-25" бағдарламалары бір-біріне кедергі жасамайтынын атап өтті. "Нұрлы жерге" өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл ең алдымен жаңа "7-20-25" бағдарламаның енгізілуімен қосымша инфрақұрылымның қажеттілігіне байланысты. "Нұрлы жер" жұмысын жалғастырады. Жеке тұрғын үй құрылысы, арендалық, кредиттік үй. Құрылыс салушылар бойынша пайызды субсидиялау секілді тетіктер қалады", — деді министр. Жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін