«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека қашан беріледі?

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека екінші жартыжылдықтан бастап беріле бастайды. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. 

«Ұлттық банк бір-екі ай ішінде «7-20-25″ бағдарламасын бекітеді. Екінші жартыжылдықтан бастап ипотека бере бастайды», — деді министр.

Қасымбек «Нұрлы жер» мен «7-20-25» бағдарламалары бір-біріне кедергі жасамайтынын атап өтті.

«Нұрлы жерге» өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл ең алдымен жаңа «7-20-25» бағдарламаның енгізілуімен қосымша инфрақұрылымның қажеттілігіне байланысты. «Нұрлы жер» жұмысын жалғастырады. Жеке тұрғын үй құрылысы, арендалық, кредиттік үй. Құрылыс салушылар бойынша пайызды субсидиялау секілді тетіктер қалады», — деді министр.

Жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін

 

Back to top button