Астанада бір ай ішінде 4 бүлдіршін терезеден құлады

Астанада бір ай ішінде 4 бүлдіршін терезеден құлады

Астанада бір ай ішінде 4 бүлдіршін терезеден құлады
ашық дереккөзі
Соңғы бір айда Астанада төрт бала жоғары қабаттан құлап кетіп, оның біреуі көз жұмды. Бұл туралы Астана қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті хабарлады. 
"16 наурыз бен 22 сәуір аралығында төрт бала (екеуі 2013 жылы туған, екеуі – 2014 жылы) терезеден құлап, біреуі қайтыс болды", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі. Мұндай оқиғалар ата-анасы балаларын қараусыз қалдырып кеткен кезде болады. Сол себепті төтенше жағдайлар жөніндегі департамент ата-аналарды мұқият болып, терезесі ашық бөлмеде сәбиді жалғыз тастап кетпеуге шақырады. Сонымен бірге, терезенің үстіңгі жағын ғана ашып, бала өз бетімен терезені ашпас үшін арнайы блокираторларды пайдалануға кеңес берілді.