Елімізде ірі қара мал саны 2 есе көбейтілмек

Үкімет отырысында «2018-2027 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың Ұлттық стратегиялық тұжырымдамасы» талқыланды.

Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниевтің айтуынша, бағдарлама аясында экспортты дамыту және импортты алмастыруға негізделген 15 басым бағыт анықталды. Әсіресе етті ірі қара мал мен қой шаруашылығының әлеуеті жоғары. Сонымен қатар ел азаматтарын жұмыспен қамту мәселесі де назарға алынбақ. Жаңа жоба фермерлік шаруашылықтардың санын 20 мыңнан 100 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Жоба ірі қара мал санын 7 миллионнан 15 млн басқа дейін көбейтуге, сиыр және қой еті өндірісін 600 мың тоннадан 1,6 млн тоннаға дейін арттыруға, экспорттан түсетін пайда көлемін 2,4 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтуға, бір жұмысшыға еңбек өнімділігін 1 мыңнан 8 мың АҚШ долларына дейін өсіруге негіз болады», – дейді вице-министр.

Back to top button