Березовкада балалардың талып қалу себебі үш жарым жылдан кейін анықталды

Батыс Қазақстан облысының Березовка елді-мекенінде талып қала берген балалардың неден уланғаны үш жарым жылдан кейін белгілі болды. Мәскеуде жүргізілген экспертиза «токсикалық энцефалопатия» диагнозын қойған. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.

Токсикалық энцефалопатия – бас миының зақымдануы. Ол организмге енген зиянды химиялық заттар есебінен пайда болады.

Зардап шеккен балалардың ата-аналары бұл улануды Қазақстанда дәлелдей алмай әлек.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс БҚО-дағы Бурлин ауданының сотымен екі мәрте жабылып тасталынған болатын.

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б. В.» халықаралық консорциумы 2015 жылы балалардың мұнай компаниясының кесірінен талып қалғанын жоққа шығарады.

Березовка тұрғындары балалардың әлсіреп талып қалуына орай бұл мұнай мекемесіне алғашқы арыздарын 15 жыл бұрын білдірген. Нәтижесінде олар жер аударылды.

Crude Accountability құқық қорғау мекемесі маманының айтуынша, бастапқыда ауыл әкімшілігі тұрғындарды балалардың талып қалуын әдейі жасалған қойылымға теңеп, бұл ата-аналардың қомақты қаражатқа иеленудің әрекеті деп санаған.

Back to top button