Торонтода шағын автобус 10 адамды басып кетті

Торонтода шағын автобус 10 адамды басып кетті

Торонтода шағын автобус 10 адамды басып кетті
ашық дереккөзі
Канаданың Торонто қаласында жүргізуші бір топ адамды қасақана басып кетті. Бұл туралы РИА Новости CTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.  
"Куәгерлердің сөзіне сүйенетін болсақ, бұл қасақана жасалған әрекет екені түсінікті, тіпті солай деп мәлімдеуге де болады", — деді жергілікті полиция басшысы Саундерс. Полиция басшысы журналистердің "оқиға теракт емес пе?" деген сұрағына жауап бере келе, Канада қоғамдық қауіпсіздік министрі Ралф Гудэйлдің "оқиғаның ұлттық қауіпсіздікке қатысы жоқ" деген сөзін алға тартты. Торонтода шағын автобус жаяу жүргіншілерді басып кетті – он адам қаза болды, тағы 15-сі зардап шекті.  25 жастағы жүргізуші Алекс Минассян неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиға кезінде қазақстандықтардың зардап шеккен-шекпенін тексеріп жатыр.
"Біздің Канададағы дипломаттарымыз жергілікті полициямен тығыз байланыс орнатып, Торонтода жаяу жүргіншілерді шағын автобустың қағып кетуі салдарынан қаза болған және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр. Осы сәтке дейін қазақстандықтар туралы мәлімет түскен жоқ", — деп хабарлады сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов әлеуметтік желідегі парақшасында.