Қара алтын қымбаттады

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы қымбаттады. 

Сауда қорытындысына сәйкес, Brent маркілі мұнайдың бағасы маусымдағы жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 0,65 долларға қымбаттап, баррелі 74,71 доллар болған.

Ал WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,24 долларға қымбаттап, баррелі 68,64 долларға жетті.

 

Back to top button