Америкалық банк Тәжікстанның бағалы қағаздарын сатып алған

Америкалық банк Тәжікстанның бағалы қағаздарын сатып алған

Америкалық банк Тәжікстанның бағалы қағаздарын сатып алған
ашық дереккөзі
Тәжікстан халықаралық қаржы нарығына мемлекеттік құнды қағаздардың (еуробонд) екінші пакетін 500 млн долларға қойды деп хабарлайды қаржы министрлігіндегі дереккөз. Еуробондтың қомақты бөлігін Merrill Lynch америкалық инвестициялық банк сатып алған. Бұл банкте Тәжікстанның мемлекеттік бағалы қағаздары сақталып келген. Екі апта бұрын Тәжікстанның Ұлттық банкі Merrill Lynch банк пен Fidelity, Metlife, BNP Paribas, T. Rowe Price, Barings, Eaton Vance және Danske инвестициялық қордың өкілдері Рогун ГЭС-іне барғанын хабарлаған. Merrill Lynch — штаб пәтері Нью-Йоркте орналасқан ірі америкалық инвестициялық банк. 2013 жылдан бері Bank of America құрылымында. Былтыр Тәжікстанның Ұлттық банкі мемлекеттік құнды қағаздар халықаралық қаржы нарығында сәтті сатылғанын хабарлаған. Бағалы қағаздар Рогун ГЭС құрылысына инвестиция тарту үшін, 500 млн долларға сатылымға қойылған. Тәжікстанның мемлекеттік құнды қағаздарының таныстырылымы былтыр 28 тамыз- 8 қыркүйек аралығында Лондон, Цюрих, Нью-Йорк және Бостонда өткен. Ұлттық банктің мәліметінше, құнды қағаздардың 38 пайызын АҚШ инвесторлары, 24 пайызын Ұлыбритания, 35 пайызын Еуропалық одақ және 3 пайызын Азия инвесторлары сатып алған.