Маңғыстаулық соғыс ардагерлеріне 240 мың теңгеден беріледі
Маңғыстаулық соғыс ардагерлеріне 240 мың теңгеден беріледі
Сондай-ақ бір мыңнан астам тыл еңбеккері 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік жәрдемақы алады. Осы мақсатқа жұмсалатын қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Көзі тірі майдангерлердің ең үлкені қазір 98-ге жетсе, кішілерінің жасы 80-нен асқан. Кейінгі ұрпағына бейбіт өмір сыйлаған батырларды көпшілікке ұлықтау мақсатында Ақтаудың орталық көшелеріне билбордтар орнатылмақ. "Жеңіс күні қарсаңында 2016 адамның осындай көмекке қолдары жетеді. Оның ішінде ҰОС ардагерлері бар. Оның 22-сі бүгінгі күнде қалаға қоныс аударды. Қалғандары Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласында тұрып жатыр", - дейді өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қуаныш Берішбаев.