Тау жыныстары Көлсайға қарай жылжып келеді

Алматы облысында көшіп жатқан тау бөктерінің маңына апаттық-құтқару топтарын жасақтау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында тау жыныстары жолды басып қалды. Оның айтуынша, қазірдің өзінде ол жерге «Қазселденқорғау» мекемесінің 20-дан астам арнайы инженерлік техникасы топтастырылған. Арнайы техникалар қатарында бульдозер, грейдер, экскаватор, фронтальды тиеуіш және жүк көліктері бар. Оқиға орнына Алматы облыстық ТЖД жедел штабы орналасты. Олар қажетті байланыс құралдарымен жабдықталған. «Тау жыныстарының жылжуы 900 метрге дейін созылған, қазір ол Көлсай жаққа қарай көшіп барады», – деді ТЖК ресми өкілі. Еске сала кетсек, 19 сәуірде Алматы облысында ҚР ІІМ ТЖК-ның «Қазселденқорғау» ММ гидробекетінің бақылаушылары көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру барысында Кеген ауданы аумағында тау бөктерінің орнынан көшкенін анықтады.

Back to top button