Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің төбесінен су сорғалайды

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің төбесінен су сорғалайды

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің төбесінен су сорғалайды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында қолданысқа берілгеніне небәрі 6 жыл болған көпқабатты үйдің шатырынан су кетіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған баспана тұрғындары шарасыз күйге түскен. Себебі мердігер кәсіпорынның кепілдік мерзімі әлдеқашан өтіп кетсе, басқарушы компанияның күрделі жөндеу жүргізуге шамасы жетпейді. 2015 жылы жаңа үйден пәтер алған жас отбасы көктем сайын әбіргерге түседі. Жуынатын бөлменің төбесінен су ағып, қабырғаның бәрі сарғайып кетеді. Ең қызығы, тоғызыншы қабаттың жоғарысында арнайы техникалық қабат бар. Алайда ол жаққа өтетін есікте қара құлып тұр. Тұрғындар  3 жылдан бері жан-жаққа шағым айтып, арыз жазғанымен, әзірге нәтиже жоқ. Бұрын бұл үй «Табыс» жеке пәтер иелері кооперативіне қараса, қазір №30 басқару компаниясы қызмет көрсетеді. "Несиеге алдық, 3 жылын төледік, енді 3 жылы бар. Қалада 10 жыл, 20 жыл тұрған көне үйлер бар ғой, олардан су ақпайды, бізде жаңа үй, қарап тұрсаңыз, біздің төбемізден су ағады. Сапалы салмаған немесе сапасыз материалдан салған деп ойлаймын" дейді қала тұрғыны Мақпал Болатова. «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданындағы көпқабатты 8 үйдің соңғы қабаттарында  тұратын 30 тұрғын осылайша күн кешуде. Басқарушы  компанияның бас инженері үйлердің төбесі талапқа сай жабылмағанын айтады. Олар құрылыс жүргізген мердігер кәсіпорыннан тиісті шараларды талап ете алмай отыр. Себебі  кепілдік мерзімі өтіп кеткен.